Әзербайжан алаяқтық жасады деген күдіктіні Қазақстанға қайтарды
Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Әзербайжаннан экстрадицияланды. Бұл жөнінде еліміздің бас прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды 24KZ.
Күдікті 2021-2023 жылдар аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінен ұялы телефондарды арзан бағамен тасымалдайтыны туралы айтып, азаматтардың сеніміне кіріп, олардың 21,5 миллион теңгесін иемденген. Одан бөлек, 2022 жылдың қаңтарында ол алаяқтық жолмен «Toyota Land Cruiser» көлігін тізгіндеп кеткен. Осылайша, жәбірленушіге 24 миллион теңге шығын келтірген. Алаяқтық қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізім-ғайым жоқ болған. Содан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.
Әсел Беркалиева, ҚР Бас прокуратурасының өкілі:
- Қазіргі таңда күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін ол мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.