Заң жобасы. Қазақстан-Түркия меморандумы

Arnapress.kz

Қазақстан мен Түркия офицерлері атыс өткізетін арнайы аймақты анықтап, қарулы кездесудің уақытын белгіледі. Әрине әскери оқу-жаттығу мақсатында. Тараптар тәжірибе алмасу үшін екі жақты кездесу өткізу туралы меморандумға қол қойды. Құжатты Мәжіліс депутаттары мақұлдады. Енді Сенат қабылдаса келісім заң жүзінде күшіне енеді. Ол әскери жаттығуларды ұйымдастыру барысында туындайтын түрлі мәселелерді жылдам әрі тиімді шешуге көмектеседі.