Медицина. Көз ауруларын емдеудегі озық технология

www.farmacjapraktyczna.pl

Бүгінде заманауи құрылғылармен жабдықталған еліміздің медицина саласы түрлі аурулардың алдын алып, емдеуге мүмкіндік беріп отыр. Бүгін біз көз ауруларын емдеудегі озық технологиялар жайын сөз етеміз. Ол үшін біздің түсірілім топ Ұлттық ғылыми медициналық орталыққа бет алды. Ондағы көз микрохирургиясы бөлімшесінде көз ауруларын емдеп, офтольмологиялық операциялардың барлық түрін жасауға болады.