Агросектор. Тәтті алманы бірге таңдайық
Бағдарламаның түсірілім тобы бүгін Астана маңындағы Қосшы ауылына барды. Онда үлкен тоңазытқыш камераларда айдаред сортты алмалар сақталады. Өзінің пайдалы қасиеттерінің арқасында бұл өнім қыс мезгілінде үлкен сұранысқа ие. Бірақ отандық алманы сырттан келген өнімнен қалай ажыратамыз? Ол жайлы бүгінгі шығарылымда.