Заң жобасы. Құқық қорғау жүйесін жетілдіру
Қазақстанның құқық қорғау жүйесін жетілдіруге арналған заң жобасы Мәжілістің қарауына түсті. Елбасының тапсырмасына сай Бас прокуратура бұл құжатты алты басты бағыт бойынша әзірлеуі тиіс болатын. Басты міндеттердің бірі тәртіп сақшыларының қауіпсіздігін күшейту. ҚР Ішкі істер министрлігі төтенше жағдай болғанда және террористік қауіп төнген кезде полицейлерге қарсы шығып, қылмыс жасағандар үшін жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.