Медицина. Балалар онкологиясы
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының дәрігерлері бүлдіршіндердің өмірін сақтап қалу үшін күн сайын күреседі. Мұндағы Балалар онкологиясы бөлімінде кішкентайлар 1 ай емес, кейді 1 жыл ем алады. Озық технологиямен жабдықталған орталықтың емдеу тәжірибесі Батыс елдерінен еш айырмашылығы жоқ. Олар қолданған препараттар мұнда да бар. Өткен 25 жылмен салыстырғанда отандық медицинаның бұл саласы ілгеріледі дейді мамандар. Бөлім қан ауруы деген диагноз қойған сырқаттарды емдейді. Ол қан түзу жүйесінің қатерлі ауруы. Ендеше оның белгілерін алдын ала анықтау мүмкін бе? Орталықта ауруды емдеуде қандай тәсілдер қолданылады?