Заң жобасы. Спорттағы өзгерістер
Мәжілісте дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша заңнама талқыланды. Енгізілер өзгерістер спорт түрлерін қаржыландыру жүйесін ретке келтіруге септігін тигізбек. Депутаттар мемлекет қаржысын жаттықтырушыларды оқытуға, спорт медицинасы мен ғылымын дамытуға, аймақтарда жаңа спорттық алаңдар ашу үшін жұмсау керек деген ұсыныс айтты. Сондай-ақ әлемді шулатқан дониг жанжалынан кейін Мәжіліс депутаттары заңға допинг пайдаланғаны үшін тек спортшыны ғана емес, сонымен қатар оның жеке дәрігерін, жаттықтырушысы мен менеджерін де жауапкершілікке тарту керектігі туралы норма енгізбек.