Заң жобасы. Сыртқы жарнамаға қатысты бірыңғай ереже
Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы жарнамаға қатысты мәселелерді дөңгелек үстел басында талқылады. Бұл жолы депутаттар құжатқа дауыс берген жоқ. Тек жарнама бизнесімен айналысып жүрген ірі кәсіпкерлер мен сарапшылардың пікірін тыңдады. Алдағы уақытта салық және әкімшілік кодекстер мен БАҚ туралы заңға бірқатар өзгерістер енгізілуі мүмкін. Депутаттардың айтуынша ең алдымен жарнаманың түрлеріне және оған ақы төлеудің әдісіне қатысты мәселелерді шешіп алу қажет. Сондай-ақ рұқсат беру жүйесін де реттеп, көшелер мен ғимараттардың сыртына жарнама ілудің бірыңғай ережесін жасау керек.