Заң жобасы. Кәсіпкерлерді қолдаудың тиімді жолдары қарастырылып жатыр
Қазақстанда бизнес ашу барынша жеңілдетілмек. Жақында еліміздің бүкіл аймағында «бір терезе» жүйесі арқылы жұмыс істейтін орталықтар ашылады. Бүгінде кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтар әкімдік пен өзге де мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздыруға мәжбүр. Енді жағдай түбегейлі өзгереді. Бұдан былай бизнес ашу үшін интернет арқылы қажетті құжаттарды рәсімдеу мүмкін болмақ. Кәсіпкерлікке қатысты маңызды сұрақтар Сенат қабырғасында талқыланды.