Заң жобасы. Жалғызбасты аналар мен әкелерге қолдау көрсету мәселесі
Халықтық коммунистер Парламентте жалғызбасты аналар мен әкелерге қолдау көрсету мәселесін көтерді. Ол үшін депутаттар алимент қорын құруды ұсынып отыр. «Ал «Неке және отбасы туралы» заң ана мен баланың басындағы қиындықты толық шешіп бере алмайды», - деді заң шығарушылар. Олар жиынға қоғамдық ұйым өкілдері мен жалғызбасты аналарды шақырып, пікірлерін тыңдады. Нәтижесінде «Неке және отбасы туралы» заңға өзгертулер енгізілуі мүмкін.