Медицина. Жаңа туған нәрестеге көрсетілетін алғашқы реанимациялық көмек
Осы және басқа да бағыттар бойынша Түркиядан келген мамандар отандық неонатологтарға халықаралық шеберлік сабағын жүргізді. Түрік мамандары дәрігерлерімізге алғаш өмірге келген сәтте сәбиге реанимациялық көмек көрсетуді үйретеді. Түрік профессорының айтуынша, ең жауапты сәт - сәби өмірінің алғашқы үш минуты. Бірқатар қимыл-қозғалысты дәлме-дәл, уақыты жасау өте маңызды.