Заң жобасы. Қазақстанның Гаага конференциясына қосылуы
Мәжіліс депутаттары «Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Жарғысын ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Қазір құжат сенаторлардың қарауында. Қазақстанның Гаага конференциясына қосылуы еліміздің жеке құқық жөніндегі халықаралық заң шығару жұмыстарына тікелей қатысуына мүмкіндік береді және шетелде жүрген біздің азаматтардың құқығын тиімді қорғауды қамтамасыз етеді.