Медицина. Аллергия
Аллергияны кейде «ғасыр дерті» деп атайды. Өйткені қазіргі күні бұл аурудан, дәлірек айтқанда, осы ауру түрлерінен Жер шары тұрғындарының 80%-ы зардап шегеді. Шаң-тозаң, жүн, микроб немесе өнім мен оның химиялық ингридиенттері аллерген болуы мүмкін. Аллергологтың айтуынша, бүгінде емделушілер арасында жиынтық аллергия жиі кездеседі.