Ақылды қала. Smart медиабордтар

фото: Вечерний Алматы

Бүгінде электронды тақтайшалар «ақылды» қаланың көшелерінде менмұндалап тұр. Мұндай медиабордтарды орнату қаланың көркін келтіріп қана қоймай, тұрғындарды жедел ақпаратпен қамтамасыз етуге септігін тигізеді. Құрылғының бірнеше функциясы бар. Олар көшедегі көлік кептелісі туралы, жол-көлік оқиғасы жайында, төтенше жағдайлар және валюта бағамы турасында ақпарат көрсетіп тұрады.