Ақылды қала. Түнгі уақытта жүретін қоғамдық көліктер

Алыс жолдан түн уақытында келіп вокзалдан түсе сала, үйге дейін немен жетем деген сұрақ мазалайды. Жаяу бара алмайсың, такси қымбат, ал автобустар түнгі 11-ден кейін жүрмейді. Осы күнге дейін солай болған еді. Ал қазір ақылды қалада түнгі 11-ден кейін қоғамдық көліктер қатынай бастады.