Алматыда «Денсаулық баршаға» халықаралық конгресі өтті

Алматыда «Денсаулық баршаға» халықаралық конгресі өтті
inform.kz

Адам қайтыс болған соң ағза мүшелерін донорлыққа беретіні немесе бермейтіні  жайлы ақпарат  жеке және көлік жургізу куәлігіне жазылуы мүмкін.

Бұл туралы Алматыда «Денсаулық баршаға» тақырыбында өтіп жатқан бесінші Халықаралық конгресте Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Мұндай тәжірибе әлемнің көптеген елінде қолданылады.

Қазір «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының электронды жүйесі арқылы кез келген азамат тиісті шешім қабылдап, арыз қалдыру үшін арнайы платформа жасалып жатыр. Министрдің айтуынша, бұл мәселенің түйіні жуық арада шешіледі. Жалпы халықаралық конгреске әлемнің 20 астам елінен келген мамандар қатысуда. Олар клиникалық медицина, қоғамдық денсаулық сақтау мен мектеп медицинасының өзекті сұрақтарын талқылады.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

Трансплантология ғылымы қарқынды дамып келеді. Қазір мемлекеттік инвестицияның арқасында операция жасауға мүмкіндік мол. Жүрек, бауырдан өзге ағзаларды ауыстыруға да жағдай бар. Елімізде мыңдаған адам осындай операцияларға кезекте тұр. Өкінішке орай көпшілігі донор табылғанша мүгедек немесе қайтыс болып жатыр.