Жасыл экономика. Суды сақтап қалудың бірегей шешімдері

Су - тіршілік көзі. Бірақ, өкінішке орай, тұщы судың коры өте аз. Өзендер мен көлдердегі тұщы сулардың қоры гидросфера ресурсының 1%-на жетпейді. Жеріміздің түкпір-түкпірінде бұл көрсеткіш әр түрлі деңгейде. Еліміз тұщы су қоры тапшы мемлекеттер қатарына кіреді.