Талдау. Бала асырап алу

Бәрімізге ортақ бір жанды жеріміз бар. Бар болса-көңілдің гүлі, көздің нұры. Ал, болмаса, күйік. Тіршіліктің мәні туралы баз кештіретін құдырет шығар дерсіз. Ол расымен де, ниет пен пейілдің тоғысқан тылсымы. Ол-бала. Бауыр етің, өмір жалғасың. Айналаңызға құлақ түрсеңіз, соңғы кездері бір перзентке зар болып жүргендер көбейіп бара жатқан сияқты. Себебін ажырататын кім бар, бірақ, салдарын шешер бірнеше амалдар белгілі. Біз бүгін тәсілі ежелден анық болса да, тек кей адамның дәті жібермейтін – бала асырап алу туралы сөз қозғамақпыз.