Экономика. 99 мың пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пайдалануға берілуге жоспарланған
- Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі елдегі бизнес климатты жақсарту бағытында тер төгіп жатыр.
- «Астанада 13 млрд теңгенің 9 жобасы іске қосылады»-, деп хабарлады Елорда әкімінің баспасөз қызметі.
- «Ренкинг.кz» сарапшыларының айтуынша банк секторы 200 млрд теңгеден асатын залалды тіркеген.
- Қазақстандық сақтандырушылар медициналық сақтандыру нарығына аса қызығушылық танытпай отыр.
- ЕЭК Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі «philips» смартфондарының бағасын тексеріп жатыр.
- Ирак «ОПЕК» мәмілесіне қатысып жатқан бірқатар елдермен бірге мұнай өндірісінің тағы 1% қысқарту туралы пікірге қосылған.
- «Ford» Солтүстік Америкадағы 5 зауытында, АҚШ-тағы 3 зауытында өндіру желісін тоқтата тұрмақшы.
- Тамызда АҚШ-тың екінші деңгейлі нарығында баспана сату бойынша мәміле көлемі 2%-ға азайып кеткен.
- Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10 млн шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Бұл 99 мың пәтер.