Экономика. Қазақстанға алғашқы жартыжылдықта 3,5 млн турист келген

- «Brent» маркалы мұнай бағасы жақын арада 54 доллар 70 цент төңірегінде болады. 

- Біріңғай жинақтаушы зейнатақы қорынан міндетті кәсіби салымдар жыл басынан бері 40 млрд теңгеге артқан. 

- Шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемінің жылдық өсімі 2017 жылдың шілдесі соңында 11 %-ды құрап, 3 трлн 110 млрд теңгеден асты. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш. 

- Қазақстан шетелдік туристер үшін танымал бола түсуде. Осы жылдың 6 айында елге келген адам саны былтырғы жылдан 20,5%-ға көп. 

- Онлайн жүйе бойынша жеке такси шақырту қызметін ұсынатын «Uber» компаниясы Лондан билігінен лицензиясын созбау туралы шешімін қайта қарауды көздейтін диалогқа дайын екендігін білдірді. 

- 15 қыркүйектегі ахуал бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына» аударылған қаржы көлемі 8 млрд теңгеден асты.