Мәдениет жаңалықтары. Шымкентте рекорд орнатылды
- Музыка күні қарсаңында Астана Опера сахнасында ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жанат Бақтаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Салтанат Ахметова, Башқұртстанның еңбек сіңірген әртісі Альфия Каримова, сондай-ақ халықаралық байқаулар жеңімпаздары тыңдарман қауымға керемет көңіл-күй сыйлады.
- Вивальди, Чайковский скрипкалық музыканың нағыз жауһарлары қайта шарықтады. Шығармалар Қазақ ұлттық өнер университетінің Орган залында орындалды.
- Шымкентте рекорд орнатылды. Қала күніне орай 60 аспаз 3 сағат бойы бауырсақ пісірді. Ұлттық тағамды дайындауға 700 кг ұн, 400 литр май, 60 кг қант, 150 литр сүт пайдаланылған. Пісірілген бауырсақтардың орта салмағы 1136 кг құрады.