Білім. Дуалды білім беру

Маман арнайы оқу бағдарламасын меңгерген білікті студент. Яғни қолында дипломы бар әр түлек сеніп тапсырылған істі бірден алып кететіндей кәсіби шыңдалған адам болуы шарт. Әйтсе де оқу орнын бітіргені туралы құжат бола тұра, жұмыссыз жүрген жастар көп. Осыдан 4-5 жыл бұрын мемлекет басшысының тапсырмасына орай кәсіби техникалық колледждерде «дуалды білім беру» деп аталатын жүйе енгізілді. Жаңа әдістің нәтижесі қандай екен? Танысып көрелік.