Агросектор. Нарықтағы бәсекелестік
Бәсекелестік – кез келген нарықтық экономиканың басты кілті. Ауыл шаруашылығындағы бұл механизм 2 бағытқа жіктелген. Бірінші бағыт әр түрлі шаруа қожалықтары бар фирмаларды қамтыса, екіншісі экономикалық тиімділігі басым бағытқа бет бұратын тауар өндірушілер арасындағы бәсекелестік. Бұл ішкі нарықтағы көрініс, ал халықаралық алаңда республикамыздың басты бәсекелестері кім? Алпауыт елдердің ауылшаруашылық өндірушілерінің тегеурініне төтеп беру үшін қандай шаралар қолдану керек? Бүгінгі бағдарламада айтамыз.