Мәдениет жаңалықтары. Астанада латын әліпбиіне көшу тақырыбында дөңгелек үстел өтті
- Астанадағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде Алмат Ізбамбетовтың шығармашылық кеші өтті. Шара музыканттың ұстазы Еркеғали Рахмадиевтің 85 жылдық мерейтойына арналды.
- Күз әуенін қайдан тыңдауға болатынын білесіз бе? Әлемде алтын күзді жырламаған ақын жоқ шығар. Әуелетіп әніне арқау еткен сазгер де көп болар. Табиғаттың тамаша көріністерін қағаз бетіне бейнелеген суретшілер де жетерлік. Баяу әуеннің ырғағы мен сары даланың сарынын тамашалаушыларға Тәуелсіздік сарайында көрме ашылды.
- Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада латын әліпбиіне көшу туралы дөңгелек үстел өтті. Оқушылар мен зиялы қауым өкілдері латын графигіне өтудің маңызын жан-жақты талқылады.