Іскерлік ақпарат. Шығыс Қазақстанда кен байытатын фабрика іске қосылады

- Осы айда «Бәйтерек Девелопмент» компаниясы 24,5 млрд теңгеге облигация сатып алды. 

- Құрық портының теміржол паромдық терминалында операциялық қызмет басталғалы бері алғашқы миллион тонна жүк тасымалы тіркелді. 

- Шығыс Қазақстан облысының «Бақыршық» және «Большевик» кен орындарын дамыту елшіміздің алтын өндіру саласындағы ірі жобалардың бірі. Ондағы бағалы тас мөлшері 226 тоннаға жетеді деген болжам бар. Кен орнында жүзеге асырылып жатқан қызыл жобасы ауқымды геологиялық зерттеу жұмысын жүргізуге бағытталған. 

- Осыдан 7 жыл бұрын еліміздегі өңдеу өнеркәсібіне шетелдік капиталдың 7 пайызы ғана тиесілі болатын, қазір бұл көрсеткіш едәуір артып, 20 пайызға жуықтады. 

- Биыл Жамбыл облысында 150-ден аса өндірістік кооператив құрылды.