Өнеркәсіп. Металл нарығындағы серпіліс

Биыл мырыш, болат, никель және темір рудасы рекордтық көрсеткішке ие болды. Сарапшылар келер жылы да баға өсімін болжап отыр. Нарық өте құбылмалы. Ірі инвестицияларды талап ететін ауықымды жобаларды іске асыру үшін тау-кен компаниялары күрделі шығындарды ұлғайта ма? 2015 жылы орын алған дағдарыс кезінде төмендеген металл құны биыл тұрақтанды. Бағаның өсу динамикасына қарасақ, тау-кен өнеркәсібінің кейбір шикізат тауарлары 50 пайызға дейін жақсы өсім көрсетті. Бір жыл ішінде еліміздегі руда өндіру 11 пайызға бағалы және түсті металлдарды өндіру 20 пайызға артты. 2015 жылғы бәсеңдеуден кейін, түсті металл өнімі жыл сайын 30 пайызға өсіп келеді. Бұл салаға ақша құйған инвесторлар табысқа кенеле ме?