Өнеркәсіп. Павлодар облысы – индустриалды-инновациялық даму мен өнеркәсіп саласында көшбасшы

Павлодар облысында алюминий, мұнай-химия, энергетика, теміржол және ауыл шаруашылығы кластерлері құрылған. Өндірістік кәсіпорындар жыл сайын облыстың жалпы ішкі өнімін арттыра отырып, отандық және шетелдік нарықта жұмыс істейді. Аталмыш мекен биыл да индустриалды-инновациялық даму мен өнеркәсіп саласында көшбасшы атанып отыр.