Мәдениет жаңалықтары. Шымкентте «Көне жетігеннің сыры» туындысы таспалануда

- Шымкентте шетелдіктерді таңырқататын туынды түсіріліп жатыр. «Сақ» киностудиясы қолға алған шығарма «Көне жетігеннің сыры» деп аталады. Түсірілім тобы 6 айдан бері туындыны таспалауда. Жобаға облыс қазынасынан 60 млн теңге бөлінген. 

- С.Сейфуллин атындағы қазақ драма театры Қарағанды жұртшылығымен бірге Қазыбек бидің 350 жылдығын тойлап жатыр. 

- Астана Опера театрының сахнасында  атақты қазақ композиторы Еркеғали Рахмадиевті еске алу кеші өтті.