Мәдениет жаңалықтары. Астаналықтар корей фильмін тегін тамашалады

- М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында мерейтойлық мереке өтті. Өнер ордасының бас режиссері Бекболат Парманов 65 жаста. Театр ұжымы мерейлі мерекені сахнада атап өтті. 

- Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қарым-қатынасына 25 жыл және кәрістердің елімізде өмір сүріп жатқанына 80 жыл толуына орай, астаналықтар екі корей фильмін тегін тамашалады. Айта кету керек, бұл фильмдер бұған дейін де еліміздің бірнеше қалаларында көрсетілген. 

- Жастар театрының құрылғанына 10 жыл толды. Осы уақыт аралығында театр труппасы репертуарын 30-дан астам туындымен толықтырған. Жаңа маусымын мерекелік көңіл-күймен ашқан театр көрерменге «Моцарт» қойылымын ұсынды.