Талдау. Кәсіпкер әйелдер

Жеке кәсіптен кімнің дәмесі жоқ дерсіз. Өзің би, өзің қожа. Бірақ ауыртпалығын да өзің көтересің. Әйтсе де ниет етіп, әрекет бастаған 100 адамның тек 15-і ғана ісін жетесіне жеткізе алады екен. Қалғаны жалған кәсіпкерлердің қатарын толтырады. Сірә «шаруаның да өз адамы болады» деген рас болса керек.