Агросектор. Қазақстандағы картоп өнімі
Картоп көкөнісін нанның екінші түріне балап жатамыз. Қазақстың дастарханынан үзілмейтін тағамдықты өсіру қиын. Шығыны көп бизнес. Бұл кәсіптің нәсібін көру үшін, көп тер төгумен қатар мол қаражат керек. Сонда ғана картоп өсіру табысты кәсіпке айналады. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстан бойынша картоп бір жылда 10 есеге қымбаттаған. Бағаның мұнша шарықтауынан кім пайда көріп отыр? Қарағанды және Павлодар облыстары картоп шаруашылығының орталығы болып есептеледі. Аталған аймақтар халық сұранысынан екі кейде үш есе көп өнім алады. Сонда ол көкөніс қайда кетіп жатыр?