Іскерлік ақпарат. Елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 84 келісімшарты жасалды

- «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің жағдайын жақсартуға бағытталған заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстарын әзірледі. 

- Елімізде жалпы сомасы 66,4 млрд теңгеге мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің 84 келісімшарты жасалды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе артық көрсеткіш. 

- Жаңаөзен қаласының кәсіпкерлеріне қосымша қолдау көрсетіледі. 

- 9 ай ішінде еліміз 35 млрд доллардың тауарын экспорттады. 

- Ауыл шаруашылығы министрлігі  қолданыстағы кәсіпорындардың ауыртпалығын арттыру арқылы, сүт өндірісін ұлғайтуды көздеп отыр.