Өңір тынысы. Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласы

Шығыс Қазақстан облысындағы сапарымызда мұндағы әлеуметтік салаға қаншалықты көңіл бөлінетінін көріп, өте риза болған едік. Бүгінгі бағдарламада облыстың денсаулық сақтау саласы жайында баяндаймыз. Шығыс Қазақстан облысының даму барысы әуелден тау-кен өндірісі, түсті металлургиямен байланысты екені тарихи факт. Ірі өндіріс бар жерде экологиялық ахуалдың бірқалыпты болмайтыны рас.