Ява аралындағы жанартау төрт рет атқылады
Индонезияның Ява аралындағы ең биік шың – Семеру жанартауы 4 рет атқылады.
Жанартау аймағындағы бірқатар елді мекенді күл басқан. Абырой болғанда, ешкім зардап шеккен жоқ. Айта кетейік, Индонезияда 130-ға жуық белсенді жанартау бар. 2021 жылы Семеру жанартауы атқылап, 51 адам қаза тапқан еді. Билік тұрғындарға қауіп туралы ескертіп, жанартауға 5 шақырымнан артық қашықтыққа жақындауға тыйым салды.