Іскерлік ақпарат. «СарыарқаАвтоӨндіріс» «Jac» көлігін құрастырады

- Еуропалық қайта құру және даму банкі Қазақстан экономикасы биыл 3,8% өсіп, келер жылы бұл көрсеткіш 3,5% теңеседі деп болжайды. 

- «СарыарқаАвтоӨндіріс» ЖШС пен қазақ экспорт және қытайлық компания арасында үш жақты әріптестік меморандумына қол қойылды. Бұл құжат көрші мемлекеттен еліміздегі өндіріс орнына көлік бөлшектерін әкелу және «Jac» маркалы темір тұлпарды құрастыру мен оны Ресейге сату құқығын береді. 

- Қазақстан қор биржасының корпоративтік облигациялар нарығы 13,6 есеге өсті. 

- Астана халықаралық қаржы орталығы криптовалютаны реттеу тәртібінің жобасын Үкімет қарауына ұсынды. 

- Биыл еліміздегі теңіз кен орнынан 21,4 млн тонна мұнай өндірілді.