Олимп. Спорттық мектеп

Бұрын мыңдаған тұрғыны бар Қараөткел ауылында ешқандай спорттық зал болмаған. Сәйкесінше спорттың дамуы да өте төмен болатын. Бүгінде аталмыш ауылда алғашқы спорт мектебі бой көтерді. 6 бірдей спорт секциясы бар мектеп өз қатысушыларын қабылдап, қарқынды жұмысын бастап та кеткен.