Президент бірқатар Жарлыққа қол қойды
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев лауазымынан босатылды.
Бұл туралы Ақорданың телеграмдағы ресми парақшасы хабарлады. Бұдан өзге Жанар Айтжан Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі лауазымынан босатылды. Бұл қызметке Әсет Ерғалиев келді. Ауыс-түйістер легі Қайрат Омаровпен жалғасты. Ол Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болып тағайындалды, тиісінше бұрынғы лауазымынан босатылды.