Білім. Тегін үйірмелер

Бүгінде үйірме атауының сан түрі бар. Әлбетте, сұраныс болғаннан кейін ұсыныс та көбейіп келеді. Жеткіншектің бос уақытын ұтымды пайдалану ол - бір, екінші жағынан бойда ашылмай жатқан, кейбірі әлі піспеген, мың қырлы таланттардың ұшын тауып, өрбитуге мүмкіндік беретін тәрбие жолы десек, қателеспегеніміз. Ендеше біз бүгін ақысыз қызмет көрсететін үйірмелер туралы баяндамақпыз.