Мәдениет жаңалықтары. Қарағандыда халық әндерін орындаушы Сержан Мұсайынның жеке шығармашылық кеші өтті

Қарағандыда дәстүрлі әнді дәріптеуші, сыршыл орындаушы Сержан Мұсайынның жеке шығармашылық ән кеші өтті. 12 жастан қасиетті домбыраны серік еткен өнерпазға, мәдениет саласының майталмандары жоғары бағасын берді.