Мәдениет жаңалықтары. Қарағандыда «Арқаның Аққызы» атты күй кеші өтті

Қарағандыда күйші, халық композиторы Аққыз күйшінің туғанына 120 жыл толуына орай «Арқаның Аққызы» атты кеш өтті. Рухани шараға елімізге танымал күйшілер мен әншілер қатысты.