Экономика. Қазақстан алдында 2025 жылы экспорт көлемін екі есеге ұлғайту міндеті тұр

Қазақстан экспортының негізгі тауары бірнешеу. Еліміз уран, мыс, титан, ферроқорытпа, сары фосфор, ұн, мақта майы, бидай, зығыр тұқымын тасымалдау бойынша әлемдік көшбасшы саналады. Бүгінгі таңда республика ірі экспорттаушы елдер арасында 52-орында тұр. Жалпы алғанда Қазақстан әлемнің 113 еліне өңдеу секторының 800-ден астам тауарын сатады.