Мәдениет жаңалықтары. Қарағандыда дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтті

Қарағандыда халық әртісі Жүсіпбек Елебеков атындағы 7-ші республикалық дәстүрлі ән орындаушыларының байқауы өтті. 2 күн аралығында жезтаңдай жас әншілер, ұлттық аспаптардың сүйемелдеуімен халық әндерін орындады. Еліміздің барлық өңірінен жиналған 32 қатысушы өзара бақ сынасты.