Үлкен спорт. Гольфші Тайгер Вудс ауыр сырқатынан жазылғанын мәлімдеді

Спортшы Тайгер Вудс өзін ұзақ уақыт бойы қинап келген белінің құяңы жазылғанын мәлімдеді, деп жазады The Score ресурсы. Биыл сәуір айында спортшының беліне операция жасалып, омыртқа аралық диск алынып тасталып, орнына дәрігерлер жаңасын қойған еді. Бұл спортшыға соңғы жылда жасалған 4-ші процедура болатын.