Экономика. Жалпы ішкі өнім қарқынды түрде өсіп келеді

2017 жылдың 9 айында ЖІӨ-нің өсімі 4 пайызды құраған. Бұдан бұрын, Еуропалық қайта құру және даму банкі, республика экономикасы биыл 3,8 пайызға артады деп болжаған болатын. Экономистердің пайымынша, осы жылдың төртінші тоқсанында аздаған құлдырау болып, салдарынан экономикалық өсім бәсеңдейді. Жыл басында еліміздің ЖІӨ-нің өсуі 2 пайыздан сәл асады деп болжанған болатын. Мұндай өсім, алдымен республика экономикасын әртараптандырумен байланысты. Алға жылжу барлық бағытта байқалып отыр.