Мәдениет жаңалықтары. «Махаббат поэзиясы» биі

Қазақстан мен Корея арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толуына орай, жыл басынан бері еліміздің әр облысында түрлі мәдени шаралар өтуде. Бұл жолы қазақстандық талғампаз көрермен корейдің «Махаббат поэзиясы» биін тамашалады. Бар сезімді тек қимыл-қозғалыспен жеткізе білген жігіт пен қыз, жиналған жұртшылыққа ерекше кеш сыйлады.