Олимп. Тәуелсіз Қазақстан спортшыларының жетістіктері

1994 жылы алғаш рет Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Оған дейін Кеңес Одағының немесе Халықаралық Олимпиада комитетінің ту астында өнер көрсетіп жүрді. Ал 1994 жылғы қысқы ойындардан бастап, Қазақстан спортының жаңа парағы ашылды. Айтулы мереке қарсаңында біз, тәуелсіз Қазақстан құрамасының көк байрақтың астында өнер көрсеткен қысқы ойындарын түгендеп шығуды жөн көрдік.