Мәдениет жаңалықтары. Шабыттық студенттердің өнеріне мәскеулік музыканттар таңдай қақты

Ресейде заманауи композиторлардың музыкалық мұрасын насихаттаумен қатар, жас сазгерлерді жігерлендіретін «Чайковский-наследие» халықаралық байқауы өтті. Елімізден барған үміткер Әзімбек Жамбаев 130-ға жуық қатысқан өнерпаздың арасынан оқ бойы озық шығып, байқаудың ІІ дәрежелі лауреаты атанды.