Сақшы. Пиротехника өнімдері

Желтоқсан айының басынан бастап төтенше жағдайлар комитетінің қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып, пиротехникалық өнімдер сатылатын сауда орындарында 2500-ға жуық рейдтік іс-шара жүргізді. Өйткені жыл сайын сапасыз пиротехника салдарынан немесе оны дұрыс қолданбау нәтижесінде адамдардың өміріне төнетін қауіп сейілмей келеді.