Қаржы. Банк секторын сауықтыру шарттары қандай?

Ұлттық банк еліміздегі банктердің қаржылық тұрақтылығын арттыру мақсатында бағдарламаны іске қосты. Ұзақмерзімді жоба экономиканың нақты секторын қолдауға бағытталып отыр. Банктер шағын және орта бизнесті несиелендіру көлемін ұлғайтып, аяққа нық тұрғаннан соң мемлекеттен қарызға алған ақшаны қайтаруы тиіс. Қаржы институтының иелері өз ісіне жауапкершілікпен қарамаса, басқа инвестор табуға немесе өзге банкпен бірігуге міндетті.