Сақшы. Апаттар медицинасы орталығы

Алапат өрт, су тасқыны, көп адамның зардап шегуіне әкеп соқтыратын тасжолдағы көлік апаты. Бұл жағдайлардың бәрінде жедел медициналық және психологиялық көмек қажет. Мұндай ТЖ кезінде адамдардың өмірін құтқарумен Төтенше жағдайлар комитетінің бөлімі «Апаттар медицинасы орталығы» айналысады. Апаттар медицинасы – жай ғана жедел жәрдем емес, экстремалды жағдайдағы медициналық көмек. Ол 1994 жылы құрылған. Орталық мамандары табиғи апаттар, технологиялық және көлік апаты, жер сілкінісі, лаңкестік әрекет кезінде халыққа жылдам әрі тиімді көмек көрсету мәселесіне жауап береді.